Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Нұрсұлтан Назарбаев шөбере сүйді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев шөбере сүйді
Фото: ашық дереккөз

Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын айтқан.

"Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын", - деді Әбиба Әбужақынова.

Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл екі қыз тәрбиелеп өсірген. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасаған.