Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде бизнеске қойылған 7 мыңға жуық талап жойылады

Премьер-министр.Әлихан Смайылов Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі жұмыс туралы айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде бизнеске қойылған 7 мыңға жуық талап жойылады
фото: ашық дереккөзден

Оның сөзінше биылдан бастап елімізде бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Мысалы: 

  • Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізіліп жатыр. Бүгінде осындай 7 мыңға жуық талап анықталды, олар жойылады.
  • Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталды. 
"Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуға тиіс. Қабылданып жатқан шаралар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді", — деді премьер-министр.

Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту үшін экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады. Атап айтқанда, Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO өткізілді.

Сонымен қатар МЖӘ тетіктерін қайта жаңғырту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді.