Премьер-министр қазақстандықтардың жалақысы көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы келесі жылы 4,4 миллион адам 4,6 триллион теңгенің әлеуметтік төлемдерін алатынын айтты.
"1 қаңтардан бастап цифрлық отбасы картасы арқылы әлеуметтік қорғау қызметтері проактив форматқа көшеді. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық штаб құрылды. Барлық мемлекеттік орган салалық тұжырымдамаларды, ведомстволық даму жоспарларын әзірлеп жатыр. Олар жылдың басында бекітіледі", - деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Смайылов.
Смайылов Мемлекет басшысына үкімет сайлауалды бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізетінін айтты.
"Нәтижесінде экономика тұрақты түрде өсіп, халықтың өмір сүру сапасы артады. 2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кемінде 4 пайыз деңгейінде болжанады. Халықтың жалақысының нақты өсуі 2,3 пайыз деңгейінде күтіледі. Жұмыссыздық 4,8 пайызға дейін төмендейді", - деді Смайылов.