Бокстан еңбек сіңірген қазақсатандық жаттықтырушы Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті. Өлімінің себебі нақтыланған жоқ, - деп хабарлайды paryz.kz.
Феликс Цойдың отбасына оның шәкірттері, атақты спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова көңіл айтты.
"Қазақстанда бокстың дамуына бапкер Феликс Тихонович Цой зор үлес қосты. Оның шәкірттері - Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов. Рингте не істесем, бәрін сол кісі үйретті. Мен оны өзімнің алғашқы тәлімгерім және бапкерім деп санаймын! Оның әрбір сөзі, әр кеңесі есімде, және бәрін қолданамын... Әр жекпе-жекте, әр жекпе-жекке алдындағы әңгімеміз есімде! Феликс Тихонович - Аңыз адам! Мен сізбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, мен сізді қатты жақсы көрдім және өмір бойы есімде сақтаймын", - деп жазды Анджелина Лукас.