Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкекке келді, - деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен келген.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.