Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Өзбекстан Ресей ұсынған «газ одағына» кіруден бас тартты

Өзбекстан қараша айында Владимир Путин ұсынған "газ одағына" кіруден бас тартты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өзбекстан Ресей ұсынған «газ одағына» кіруден бас тартты
Фото: stan.kz

"Егер біз газды басқа елден импорттайтын болсақ, тек коммерциялық сатып алу-сату шарты негізінде ынтымақтастық орнатамыз. Біз ешқашан газдың орнына саяси шарт жасаспаймыз. Қысқаша айтқанда, біз өзімізге ұсынылған газ келісімшартын оған келіссек қана аламыз, әйтпесе олай болмайды",  – деді Өзбекстан Энергетика вице-премьері Журабек Мырзамахмудов.

Бұған дейін Владимир Путин Ресей, Өзбекстан және Қазақстан "газ одағын" құру идеясын талқылап жатқанын айтқан болатын. Алайда кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бұны жоққа шығарды. 

“Оны [үштік газ одағын] талқылауға әлі ерте. Өйткені әзірге бұл белгілі бір идея. Бірақ Қазақстанның принципті ұстанымы – еліміз өз аумағын санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге біз санкцияны халықаралық мәселелерді шешу әдісі ретінде қолдамаймыз”, – деді ол. 

Ол қандай да бір шешім қабылдағанға дейін бұл идеяны ел президенті мен сарапшылар зерттейтінін айтты. Бұл ретте ол Ресейге қарсы санкциялар аясындағы ықтимал тәуекелдер туралы айта келе, Қазақстанда үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің мәскеуде "үш жақты газ одағын" құру мәселесін талқылағанын айтқан болатын. 

"Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн", – делінген хабарламада.