Қостанай облысында ауыл әкімдігіне берілген қызметтік көлік Торғай өзеніне батып кетті. Оқиға Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында болған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyquni.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қызметтік көліктің үш күн бойы суда жатқаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаның мән-жайын Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысы Абай Шүкенов айтып берді.
Ауыл әкімі жұмыста отырған кезде өзеннің үстінде адамдар жүр деген хабарлама түскен. Содан кейін әкім көлік жүргізушісін ол адамдарға судың толық қатпағанын ескертуге жіберген. Өзен әлі қатпағанын, суға кетіп қалуы мүмкін екенін айтқан. Көлік жүргізушісі көлікті жағадағы мұздың үстіне қойып, өзенде жүрген адамдарға барғанша көлік суға батып кеткен - деп түсіндірді Абай Шүкенов.