Екібастұз ЖЭО қызметкерлері марқұм әріптесі туралы айтты

Екібастұз ЖЭО қызметкерлері қаза тапқан әріптесі туралы айтты. Ол қаладағы гараждарының бірінде көліктен өлі табылған еді, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екібастұз ЖЭО қызметкерлері марқұм әріптесі туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Жабдыққа қызмет көрсету цехының бастығы Александр Шарамонов Сергейдің жауапты, көңілді адам болғанын айтты. Шарамоновтың сөзінше, Сергей карьерасын слесарь болып бастаған. Ол екі жыл ішінде учаске бастығы қызметіне көтерілген. Сергей жөндеу учаскесін басқарған, қосалқы жабдықтар, айналмалы механизмдер үшін жауапты болған. Өте шапшаң болған. Әріптестері ол туралы тек жағымды пікір айтады.

"Слесарь болған кезі есімде, ол "цехтың келесі бастығы боламын!" деген еді, - деп еске алды Александр Борисович.

Оның айтуынша, кәсіпорын марқұмның отбасына барлық қажет көмекті көрсетеді. Сергейдің артында 2008 және 2019 жылы туған екі баласы қалған.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ұжымы Сергейдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.