Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Екібастұздағы ЖЭО-да №4 қазандық істен шықты ма?

Екібастұз жылу электр орталығында №4 қазандықтың істен шыққаны туралы желіде тараған видеоны «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС теріске шығарды.

Екібастұздағы ЖЭО-да №4 қазандық істен шықты ма?
Фото: qov.kz

Бұл туралы Stopfake.kz сайты жазды. 

Компанияның бас директоры Павел Мельничук №4 қазандықтың істен шыққаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

«Станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр, он қазандықтың алтауы істеп тұр. Олардың үшеуі сумен жылытылады, үшеуі энергетикалық. Қазандықтарды бесіншіден бастап санаймыз. Төртінші қазандық 2000 жылдардың басынан бері пайдаланылмайды», – деді Мельничук.