Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Депутат Қазақстандағы 2 миллион адамды "жұмыс істейтін кедейлер" деп атады

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов елімізде "жұмыс істейтін кедейлердің" бар екенін мойындайтын уақыт келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Депутат Қазақстандағы 2 миллион адамды "жұмыс істейтін кедейлер" деп атады
фото: exk.kz

Мәжілісмен Қазақстанда арнайы зерттеу аясында сауалнама жүргізілгенін айтты. Оның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 32,2 пайызы жұмыс істейтін кедейлерге жатады екен.

Ерлан Смайыловтың айтуынша, қазір елімізде 6,7 миллион жалдамалы қызметкер бар. Оның ішінде "жұмыс істейтін кедейлердің" саны 1,86 миллион мен 2,3 миллион арасында.

Елімізде миллиондаған адамның жалақыдан жалақыға дейін күнін әрең көріп жүргені шындық. Үкіметтің бізде "жұмыс істейтін кедейлердің" бар екенін мойындайтын кезі келді. Қоғамның экономикалық таптарын тұжырымдамалық деңгейде қайта бағалау керек, — деді депутат.

Осыдан кейін ол сауалнаманың басқа да жауаптарына тоқталды. Мәселен "жұмыс істейтін кедейлердің" қатарына кіретін әрбір екінші адам жалақысына риза емес. Сондай-ақ олардың 75 пайызының айлығы 204 мың теңгеден аспайды екен.

Ал сауалнамаға қатысқан барлық адамның 33 пайызы "айлық табысым 85-143 мың теңге" деп көрсеткен. Адамдар едәуір ақшасын азық-түлік сатып алуға жұмсайтынын айтқан. "Жұмыс істейтін кедейлердің" 44 пайызында ешқандай жиналған ақша қоры жоқ. Сондықтан табыс көзінен кенет айырылса, ақшасы 1-2 айға ғана жетеді.