Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы агенттік қызметкерлеріне пара берген

Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Қайрат Боранбаев қамауда отыр. Оның туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің екі қызметкеріне пара берген. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.

Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы агенттік қызметкерлеріне пара берген
Фото: ашық дереккөз

«Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді» делінген агенттік таратқан ресми хабарламада.