Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау үшін 1,4 миллиард теңге жұмсалмақ

Елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжанов баяндады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау үшін 1,4 миллиард теңге жұмсалмақ
Фото: stan.kz

Бүгінде қазақ ит тұқымдарының генофондының нашарлау үрдісінен бөлек, еліміздің көптеген өңірлерінде тұқымның толық жойылу қаупі бар. Оның себебі Қазақ ит тұқымдарының генофондының жай-күйін бағалау, олардың генетикалық бейінін жасау бойынша ғылыми зерттеулердің болмауы, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың болмауымен байланысты болып отыр.

"Осы проблемалық мәселелерді шешу үшін заң жобасында қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленеді, уәкілетті органның құзыреті бекітіледі", - деді Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов.

Заң жобасымен қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі:

 қазақтың ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
 қазақ ит тұқымдарының тазалығын сақтау.
Қазақтың ит тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне мыналар кіреді:
 аумақтық бөлімшелері бар оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
 қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
 қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығы;
 қазақ тұқымды иттерді өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.
Сонымен қатар, заң жобасы кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақ тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті, бірыңғай асыл тұқымды кітапты, қазақ ит тұқымдары мен Ұлттық аңшылық стандартын айқындайды.

Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 миллиард теңге қажет. Бұл сома 2022 жылғы 18 қазанда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты.