Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында дәрігер жұмыс орнында қайтыс болды

Ақмола облысының Есіл қаласындағы аудандық ауруханада дәрігер акушер-гинеколог Роза Хасенова қайтыс болды. Ол екі айдан кейін 53 жасқа толар еді, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі sinegor желілік басылымына сілтеме жасап. 

Ақмола облысында дәрігер жұмыс орнында қайтыс болды
фото: әлеуметтік желіден

Дәрігердің өлім себебі хабарланған жоқ. Артында 2 баласы қалған. Ол Есіл аудандық ауруханасында 20 жылдан астам еңбек еткен.

«Көпшілік құрметтеген дәрігер қайтыс болғанын хабарлаймыз. Ұжым жоғары білікті дәрігер, жақсы адамнан айырылды. Роза Хасенова әрдайым ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор жан еді», ‒ деп жазды әріптестері.

Марқұм Есіл аудандық ауруханасында 2001 жылдан бері жұмыс істеген.