Өскемен қаласында мектеп оқушылары аязға байланысты екінші күн қатарынан онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында аяздың беті қайтпай тұр. 29 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді.
«Оның ішінде Өскеменде де қатты аяз. Соған орай қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді», - делінген ақпаратта.
Өзге аудандарда оқушылардың қалай оқитыны туралы ақпарат әлі жария етілмеді.