Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы Mercedes-Benz көлігі сатылымға қойылды

Аталған Mercedes-Benz 600 SEL көлігі 25 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы Mercedes-Benz көлігі сатылымға қойылды
Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, Kolesa.kz порталында 1993 жылғы Mercedes-Benz S-Class көлігінің қызықты көшірмесі табылды. Көлік бірнеше ерекшелігімен тұтынушылардың назарын өзіне аударған. Біріншіден, әлгі теміртұлпар сайттағы 25 миллион теңге тұратын ең қымбат дәл осы маркадағы көліктің бірі және сол жылдармен салыстырғанда бағасы орташа көрсеткіштен алты есеге қымбат. Екіншіден, седанның жүгірісі 29 жылдан астам мерзімде бар болғаны 37 930 шақырымды құрайды екен.

Бұл көлік туралы одан да қызық ақпарат бар. Сатылымға қойған қазіргі иесінің айтуынша, Mercedes-Benz бұрын 01 KZ мемлекеттік нөмірін алып, яғни кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Жарнама авторы өз сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншотын салып, сондай-ақ аталған мәліметті Қазақстанның бұрынғы президентінің Mercedes көлігімен түскен мұрағаттық фотосуретімен растаған.

Сұр түсті былғары салоны бар көлікте 408 аттың күші бар. Сондай-ақ әлгі теміртұлпар түрлі қауіпті жағдайдан қорғайтын көрінеді. Өйткені аталған Mercedes-Benz брондалған, яғни оқ өткізбейтін металмен жабдықталған.