Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қызылорда өңірінде 37 мыңнан аса жас түрлі жобаларға атсалысты

Қызылорда өңірінде жастардың бастамаларымен түрлі форматтағы іс-шаралар қарқынды жүруде. Биылдың өзінде Қызылорда облысында жастарға арналған 1102 шара ұйымдастырылып, оған 37000 аса жас тартылған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда өңірінде 37 мыңнан аса жас түрлі жобаларға атсалысты
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Сыр жастарының қарашаңырағына айналған Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «Жастар орталығында» түрлі үйірмелер, арнайы кеңес беру бұрыштары мен озық идеяларды жүзеге асыруға жетелейтін арнайы бөлімдер ашылған. 

Орталықта тұрақты түрде тұрмысы төмен тұрғындарға «Әлеуметтік дүкен», психолог кабинеті қызмет көрсетеді. Ал, шығармашыл әлеуеттін шыңдағысы келетін талантты жастар  гимнастика-хореография, ұлттық жекпе-жек, каратэ-до және таэквандо секциясы күні-бойы жұмыс жасайды. 

Өңірде интеллектуалдық әлеуеті жоғары жастар үшін ІТ-парк орталығы жұмыс істейді. Мұнда ІТ әлемге қызыққан жастар түрлі мобильді қосымша әзірлеп, жаңа жобаларды іске асыруда. 

«ІТ әзірлеу және дамыту» бөлімі қызметкерлерімен қоса 10 резидент бірлесіп жұмыс жасауда. 125 студент оқу тәжірибесінен өтсе, 4 азамат қоғамдық жүмыспен, 7 жастар практикасымен жұмыс жасауда. 457 оқушы білім алуда. Әлеуметтік мәселелер де оңтайлы түрде шешілуде.

Жастарды жұмыспен қамтуда «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өз тиімділігін таныта бастады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі бір жылда 4 рет ұйымдастырылып, жұмыссыз жастарға 2854 вакансия ұсынылған. Нәтижесінде, бір мезетте 100-ге жуық тұрғын жұмыс көзін тапты. 

Аймақта баспаналы болу бақытына кенелген жастардың да қатары арта бастады. Өткен жылы 500-ге жуық қоныс тойын тойлады. 

Айдос Мырзалы,
Қызылорда облысы