Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірді

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірді деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз

ҚР Пезидентін ұлықтау рәсімінен кейін БАҚ өкілдері елорда әкімі Алтай Көлгіновтен өз отсткавкасы туралы телеграм-арналарда тараған ақпараттарға қатысты пікірін сұрады.

«Мен сыбыстарға байланысты ештеңе деп пікір білдіре алмаймын. Менің ойымша, бәрін уақыт көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, заңға сәйкес, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін әкімдердің бәрі де өз лауазымын босатады. Одан әрі қарай не болатынын өздеріңіз де еститін шығарсыздар. Біз әрдайым елге, қоғамға қызмет етуге дайынбыз. Мемлекеттік қызметтің де мәні сол ғой», – деді әкім.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.