Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды.

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Бұрын бұл қызметті Станислав Зась атқарған.

«Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін тәмамдайды. 3 жыл жұмыс істеді. Атқарған қызметі үшін оған алғыс айтқым келеді. 2023 жылдан бастап алдағы 3 жылда ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетов атқаратын болады», – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда ҰҚШҰ сессиясының ашылуында.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы саналады.

Оның құрамына мүше мемлекеттердің басшылары, атап айтқанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Президенттері кіреді. Дәл осы кеңестің келісімімен ҰҚШҰ бас хатшысы тағайындалады.

ҰҚШҰ бас хатшысы ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы болып саналады және ұйым хатшылығына басшылық жасайды.