Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Путин Тоқаевты Қазақстан президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды paryz ақпарат агенттігі. 

Путин Тоқаевты Қазақстан президенті болып қайта сайлануымен құттықтады
Фото: ашық дереккөз

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты  мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді", - делінген құттықтау хатта.

Путин достық, татулық және өзара сыйластықтың игі дәстүрлеріне негізделген екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастары өте табысты дамып келе жатқанын атап өткен.

"Біз оларды жақсарту үшін бірлескен жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге шын жүректен толағай табыс, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін", - деп құттықтады Путин.

Еске салайық, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. 21 қараша күнгі Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес ең көп дауысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жинаған.