Абай облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлі.
«Бүгін, таңертеңгі сағат 06:30-да республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырым арылығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына салынған тыйым алынды», - делінген мәліметте.
Еске салайық, Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылы арасындағы аталған учаскеде шектеу 16 қараша күні, сағат 22.40-та енгізілген болатын. Оған себеп –боран, жолдың көрінбеуі.