Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Қорғаныс министрлігі әскери каскаларға қатысты тараған видеоға түсінік берді

Қорғаныс министрлігі әскери каскаларды металл қалдықтарына тапсырылғаны туралы видеоға түсінік берді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі әскери каскаларға қатысты тараған видеоға түсінік берді
фото: әлеуметтік желіден

«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетсе, бұған дейін бірқатар БАҚ-та металл қалдықтарына тапсырылған әскери каскалар туралы видода тараған болатын. Видеода бұл каскалардың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылады.