TikTok әлеуметтік желісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кету шешімін қабылдағаны туралы видео жарияланды. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – фейк.
Ақорда сайтында да, Президенттің жеке Twitter-аккаунтында да, оның баспасөз қызметінің аккаунтында да бұл туралы жазылмаған.
Шындыққа жанаспайтын оқиғаларға «аты айғайлап тұрған» тақырыптар қою – блогерлер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өз жарияланымдарына назар аударту үшін жиі пайдаланатын әдіс...
Сонымен қатар отставкаға кету туралы видео жарияланған TikTok желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшасы жоқ. Аталған әлеуметтік желіде оның атынан ашылған барлық аккаунттар – жалған», - деп жазады Stopfake.kz.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер Ақорда сайтында көрсетілген.