Белбеуін қорғаған Әлімханұлының ESPN рейтингіндегі орны белгілі

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының ESPN-нің жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Белбеуін қорғаған Әлімханұлының ESPN рейтингіндегі орны белгілі
Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc

Қазақстандық чемпиондар тізімде өзгеріссіз қалыпты - Головкин сол күйі екінші орында, ал Жәнібек титулын сәтті қорғағанына қарамастан төрттен көтерілмеді. 

Рейтингтің топ-10 тізімі:

1. Джермалл Чарло (АҚШ)
2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгия (Мексика)
7. Крис Юбэнк (Ұлыбритания)
8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9. Эрисланди Лара (Куба)
10. Эскива Фалькао (Бразилия).