Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Өтемұратов британиялық сотқа шағым дайындап жатыр

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл бұғаттау Қазақстанда атышулы "БТА банк" ісімен байланысты.

Өтемұратов британиялық сотқа шағым дайындап жатыр
Фото: ашық дереккөз

Британиялық соттың шешімі Болат Өтемұратовтың бизнесіне еш кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бұл туралы қазақстандық миллиардердің өкілі Ерлан Оспанов мәлімдеді. «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Оспанов мырзаға КазТАГ журналистері арнайы сауал жолдаған екен, деп хабарлады malim.kz.

"Барлық активтерді пайдалану бойынша ағылшын сотының шешімін алдық. Бұл шектеулер Болат Өтемұратов иелік ететін банк, отель, теле-операторлар, мейрамханалар, тау-кен орындарына қатысы жоқ. Активтерді бұғаттау меншік иесінің құқығын шектемейді және бизнесіне кедергі келтірмейді", – деді" Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.

Қазір миллиардер Болат Өтемұратовтың заңгерлері ағылшын сотының шешіміне қарсы шағым дайындап жатыр екен.

Еске сала кетсек, 1 желтоқсан күні Ұлыбритания азаматтық соты Болат Өтемұратовтың 5 миллиард долларын бұғаттағаны туралы ақпарат шықты. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл бұғаттау Қазақстанда атышулы "БТА банк" ісімен байланысты. Британиялық сот олигарх Өтемұратовты "БТА банктен ұрланған ақшаны жасыруға қатысы бар" деп айыптайды екен.

Ал Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ДВК басшысы Мұхтар Әбілязов "Болат Өтемұратов үй қамақта" деп ақпарат таратқан еді.