Польшаның Пржеводов ауылының аумағына екі зымыран құлады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Поляк құтқарушылары жарылыс салдарынан Пржеводовта екі адамның қаза тапқанын растады. Бірақ оның себебін нақтылай алмай отыр.
Осы аралықта АҚШ-тың жоғары лауазымды барлау қызметкері Associated Press агенттігіне берген сұхбатында ресейлік зымырандардың НАТО құрамындағы Польша елінің кеңістігіне өтіп, екі адамның өмірін қиғанын айтты.
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки дағдарысқа байланысты үкіметтің қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын ұйымдастырды.
«Әзірге расталмаған ақпаратты жарияламауға шақырамын. Оқиға туралы қазір өтетін кездесуден кейін түсініктеме береміз», – деді Польша үкіметінің баспасөз хатшысы Пиотр Мюллер.