Қазақстандықтардың желтоқсанда қанша күн демалатыны белгілі болды

Биыл желтоқсанда бұрынғы жылдармен салыстырғанда мереке күндері азайды, –  деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтардың желтоқсанда қанша күн демалатыны белгілі болды
Фото: tvtver.ru

Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

Сонымен, желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:

- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);

- алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Жалпы, желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.

Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.