Шымкентте қыз алып қашқан жігіт ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері қыз алып қашқан жігітті ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Желіде жарияланған бейнежазбадан белгісіз адамдар қызды күштеп көлікке отырғызып, алып кеткенін көруге болады.

Бұл дерек Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының СДТТБТ-не Қылмыстық кодекстің 125-бабы («Адам ұрлау») бойынша тіркелді. Полицейлер тексеру жүргізіп, видеодағы адамдардың кім екенін анықтады.

Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену үшін ұрлағаны белгілі болды.

Қыз некеден бас тартқан. Ол болған жағдайға қатысты шағым түсірмейтінін айтқан. Бүгінде тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.