Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот залынан босап шықты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.
15 қарашада Атырау қалалық №2 сотында судья Жұмағали Ташимов облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовтың ісіне қатысты сот үкімін оқыды.
Фото: ATPress.kz
Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның 2 жас баласының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігін қолданумен жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.
Рысқалиевке 7 жыл, Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қазақстан Республикасының Президентіне Хаменованы "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.