Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Арқалық қаласы балалар үйінің бас дәрігері 5 жылға сотталды

Жәбірленушілер мен куәгерлердің берген жауаптары, сараптама қорытындысы кінәні растап отыр.

Арқалық қаласы балалар үйінің бас дәрігері 5 жылға сотталды
фото: 24.kz

Арқалық қаласындағы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері сотталды. Ол 3 жыл бойы мекемеде 3 миллион теңгенің азық-түлік тауарын ұрлаған. Сондай-ақ, 1 миллион теңгеге бағаланған жанармайды заңсыз жолмен иеленген, деп хабарлады paryz.kz.

Басшы өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Бірақ жәбірленушілер мен куәгерлердің берген жауаптары, сараптама қорытындысы кінәні растап отыр.

"Айыпталушының келтірілген шығынды өтемегенін негізге ала отырып, сот мүлкін тәркілемей, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Айыптыға мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек етуге тыйым салынады. Жазасын орта дәрежедегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", - деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.