Күні кеше Ерке Есмахан дүйім жұртқа жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Әнші өмірлік серігін жолықтырғанын айтып, ұзату тойының күні алыс емес екендігін айтқан, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында Ерке өзінің 7 миллион оқырманы бар жеке парақшасында жариялады. Жұрттан сүйінші сұраған өнері иесі тойды қандай форматта өткізу керектігін ақылдасып, көпшілікпен кеңесуді жөн көрген.
"Алла бұйыртса, күйеуге шығамын! Ерке Есмахан дүркіретіп, үлкен инста-той жасап, ұзатылғаны дұрыс па? Әлде тып-тыныш, сырға салып, неке қиып жүре бергені дұрыс па? Сіздердің ақылдарыңыз қажет!", — деп жазды Ерке.
Есмаханның өз аузынан бұл қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары әншіге бірден бақыт тілеп, жылы лебіздерін жарыса жазған.
"Уау, ақ көйлек, әппақ келін, онлайн той жасаңызшы", "Тып-тыныш кете бер", "Күйеуге шығу керек міндетті түрде. Тыныш па, дүркіретіп пе маңызды емес", "Әрине, дүркіретіп. Кімнен кемсіз? Іші тарлар қызығып та, қызғанып та көретіндей етіп шығыңыз", — деді оқырмандары.