Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Дикий Арманның" алдында ән салған әнші үлкен сахналардан шеттетіліп жүр

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Италияға гастрольге баратындардың тізіміне енбей қалғаны үшін өзі жұмыс істейтін Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясына ренішін білдірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

"Дикий Арманның" алдында ән салған әнші үлкен сахналардан шеттетіліп жүр
Фото: ашық дереккөз

Әншінің айтуынша, жуырда филармония ұжымы Италияға барғалы жатыр екен. Алайда ұжымның гастрольге қатысты жиналысы өтпеген.

Филармония басшысы мен басқарма басшысы шешім қабылдап бір топ артистің тізімін шығарғанын қалай түсінеміз?! Тізімде қара шаңырақта 20 жылға жуық қызмет атқарған мен енбеппін. Әлде репертуарым сәйкес келмей ме? — дейді Наркенже Серікбаева.

Оның бұл жазбасын оқып, Түркістан облыстық филармония басшылығының әрекетіне наразылық білдіріп жатқан тыңдаушылары көп.

"Біздің елде әділдік барма өзі?", "Бармақ басты, көз қысты болған шығар", "Шын талант иесі қай жерден де жарып шығары сөзсіз", "Еңсең түспесін, әндеріңді сүйіп тыңдаймыз", "Қолда бар алтынның қадірін білмейміз ғой", — деген сарындағы пікірлер жазылған.