Британия ғалымдары тарихта алғаш рет адамға жасанды қан құйды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі islam.kz порталына сілтеме жасап.
Зертханада өсірілген эритроциттерді келісімін берген екі адам қабылдады. Аталмыш технологияның клиникалық сынақтары Restore зерттеу жобасының бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.
Қызыл қан жасушалары Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің донорлық дерекқорындағы адам қан үлгілерінен өсірілді. Алдымен биоматериалдан діңгекті жасушаларды бөліп алды, содан кейін оларды саралады, яғни дифференциялады.
Табиғи қаннан айырмашылығы – барлық жасанды эритроциттер жас – донорлардың нақты қанында әртүрлі жастағы жасушалар бар. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандар өздерімен бірге 5-10 миллилитр, дәлірегі, 1-2 шай қасық қан құйдырған.
Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Седрик Гиверттің айтуынша, зертханада өсірілген эритроциттер қарапайым донорларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Жасанды қызыл қан жасушаларын анемия және басқа қан аурулары бар адамдарға, сондай-ақ сирек қан топтары бар науқастарға құюға болады.