Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Белгілі заңгер Бауыржан Байбектің табиғи парктердің жерін бай-бағландарға қалай бөліп бергенін айтты

Белгілі заңгер Бақытжан Базарбек "Медеу" паркінен жер телімдерін алғандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Белгілі заңгер Бауыржан Байбектің табиғи парктердің жерін бай-бағландарға қалай бөліп бергенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, бұл шешім Бауыржан Байбек Алматы қаласын басқарған тұста қабылданған. Әлеуметтік желіде заңгер жер телімдерін иелену жөніндегі күмән тудырған заңға қайшы әрекеттер туралы жазды.

Тізімде қалталы әрі ықпалды адамдардың аты аталады. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы Үкіметте бірқатар министрліктерді басқарған Сауат Мыңбаев, Президент әкімшілігін басқарған марқұм Сарыбай Қалмырзаевтың ұлы, BekAir авиакомпаниясының құрылтайшысы Сұлтан Нұрбол, Forbes тізіміндегі олигарх Нұржан Субханбердин сынды тұлғалар бар. Бұл тізімді Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезде мақұлдап, бекіткен.

Мұндай жағдай белгілі заңгердің қызығушылығын тудырған. Әкім болған Бауыржан Байбектің бұл әрекеті қаншалықты заңды болуы мүмкін деген сұраққа заңгер өзінше жауап іздейді.

" Бауыржан Байбек тау бөктері мен өңірлік маңызы бар парктің бір бөлігін рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа қалай шығара алады? Сәулет және қала құрылысы, СЭС, қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар мен Медеу ауданы бұл жобаға қалай келісті? Неліктен Медеу ауданында бұл жайт қоғамдық тыңдаулардан өтпеді? Неге жұртшылық аталған жерлердің 5 жылдан кейін рекреациялық аумақтарға жатпайтынын білді? Аталған аумақтарды Жер, Экологиялық, Орман кодекстерінің, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңның, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның талаптарын бұзған шенеуніктерге қатысты рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа ауыстыру кезінде, сондай-ақ, әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықтар Алматы қаласы бойынша табиғат қорғау прокуратурасы, қалалық прокуратура тарапынан, ормандарды қорғау және пайдалану саласындағы аумақтық уәкілетті органдардан қала құрылысы жобалары, орман инспекциясы шағымдар мен талаптар бойынша іс жүргізуді қолға алмады ма?", — деп жазды заңгер Бақытжан Базарбек.

Заңгер алға тартқан бұл сұрақтарға әзірге жауап жоқ. Бұған дейін белгілі заңгер Бақытжан Базарбек Алматыда тау бөктеріндегі жерлерді жеке адамдарға беру әрекеті заңдық тұрғыдан құпия әрі күмәнді жағдай тудырады деген еді. Бұған қатысты еліміздің Бас прокуратурасы тексеру жүргізілетінін хабарлады.