Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіріп жатыр

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері көршісіне тастап, хабар-ошарсыз кеткен әйелді іздеп жатыр, – деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне тастап, із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіріп жатыр
фото: inbusiness

Департаменттің мәліметінше, кеше сағат 20:00 шамасында тұрғын хабарласып, белгісіз әйелдің баласын өздеріне сеніп тастап кеткеніне 9 сағатқа жуықтағанын айтқан.

Қаладағы Нариманов көшесінен түскен арыз бойынша полицейлер қазір баланың ата-анасын іздеп жатыр.

«Баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп, кейін оралмаған. Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері барды. Бала «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Бала шамамен 3-4 жаста, өзін Аңсар деп таныстырды. Егер баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз», делінген ресми хабарламада.