Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі

Бүгін түнде Шахтинскідегі апаттан қайтыс болған 5 кеншінің отбасына қосымша пәтер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды paryz.kz

Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі
Фото: ашық дереккөз

«Қайтыс болған кеншілердің отбасымен тиісті медициналық және өзге де мекемелердің писхологтары жұмыс істеп жатыр. Әкімдік тарапынан ол отбасыларға қажетті көмектің бәрі көрсетіледі. Одан бөлек, ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша ұжымдық шартта бұдан басқа да өтемақылар қарастырылған.

«Сондай-ақ, ұжымдық шарт бойынша ол отбасыларға несиесін жабу, балаларын оқыту секілді көмек түрлері бар. Сонымен бірге биылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасыларына қосымша баспана алып беру шарасы енгізілген. Әрбір отбасыға қосымша пәтер алынады», - деді облыс әкімі.