Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бас прокурор жауап берді: Мәсімов жазықсыз деп танылып, босатыла ма?

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімовке қатысты БҰҰ-ның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.  

Бас прокурор жауап берді: Мәсімов жазықсыз деп танылып, босатыла ма?
Фото: stan.kz

«Біріккен ұлттар ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жарияланғаны хабарланды. Бас прокуратура бұл мәселе бойынша не дейді?», – деп сұрады журналист Сенат кулуарында.

«Мен оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ жұмыс ұсынымдарын әлі көрген жоқпын. Біздің Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс істейміз. Сол ұсыным бойынша кейін шешім қабылданады», – деді Әсет Шындалиев.