Блогер 90 миллион теңге тұратын көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

«NNN» лақаб атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын құны 90 миллион теңгеге бағаланған Mercedes GT көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Караван сайтына сілтеме жасап. 

Блогер 90 миллион теңге тұратын көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Блогердің Instagram желісіндегі бұл видеосы бірнеше сағаттың ішінде миллионға жуық қаралым, ондаған мың пікір мен лайк жинап үлгерді.

Видеода Нұрдәулет достарымен бірге көлігін өртейтін орынды дайындап, айналасына бензин шашып, от қойған.

Дегенімен, пікір білдірушілердің арасында блогерді сынға алып жатқандар көп. «Ысырап қылып өртегенше, сатып ақшасын мұқтаж жандармен бөліссең болар еді», «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар» – деп жазды пікір білдірушілер. Тіпті, Нұрдәулеттің бұл әрекетін хайпқа балап, «Бәрі алдын ала ұйымдастырылған» «өтірік сияқты» деп сенімсіздік танытып жатқандар да табылды.