Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Кәрім Мәсімовтің тағдырына БҰҰ-ның алаңдаушылық білдіргеніне қатысты Мәжіліс депутаты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің тағдырына БҰҰ-ның алаңдаушылық білдіргеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы депутат Ерлан Саиров Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.

Кәрім Мәсімовтің тағдырына БҰҰ-ның алаңдаушылық білдіргеніне қатысты Мәжіліс депутаты пікір білдірді
Фото: stan.kz

«Кәрім Мәсімовтің тағдырына «БҰҰ алаңдаушылық білдіріп, «кінәсіз» отыр» деп жариялапты.

БҰҰ қандай да бір мемлекеттің ішкі ісіне араласу, мемлекеттің құқық қорғау орындарына «нұсқау» берудің өзі халықаралық практикада нонсенс.

Бұл – факт Қазақстан жұртшылығының көзінде, БҰҰ беделін көтермейтіндігі факт.

Ал енді бұл «нұсқаудың» қайдан және қалай пайда болғандығына келетін болсақ, бүркеніп алған реваншистік күштердің тіміскі әрекеті екендігі анық.

Реваншистік күштер қоғамның бір екендігін, еліміздің ішіндегі саяси реформалардың іс-жүзіне асып келе жатқандығын, халықтың эволюциялық саяси өзгерістерге дайын екендігіне көздері жетіп, сол реформаларды шалып жіберудің амалын ішкі-сыртқы бағыттарда қарастыруда.

Ол күштердің, осындай қадамдар үшін, қыруар қаржы бөлуге де әлеуеті жетеді.

Ал бұл ақпараттық толқынның негізгі мақсаты реформаларды дискредитация жасап, еліміздің ішінде халық арасында моральдық-психологиялық толқу туғызу.

Құқық қорғау органдарының ішінде сызат түсіру.

Яғни, мемлекеттік институттарды девальвация жасау.

Реваншистік күштер бұл әрекетімен де тоқтап қалмауы анық.

Президенттік сайлау кезінде мемлекет институттарына, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқа да ақпараттық шабуыл жасау қаупі жоғары.

Сақ болу қажет, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.

Ал реваншистік, ревизионистік күштер бас көтеретін болса, еліміздің ішкі жағдайы тағы да толқып кететіні анық.

Сондықтан, Конституцияны, Президент институтын үзілді-кесілді қорғайтынымызды нақты мәлімдеп, заң аясында нақты бейбіт қадамдарға дайын болған жөн.

Менің ойымша, реформаларға қауіп төніп тұр!

Конституция, реформа, прогресс жолында консолидация өте маңызды», – деп жазды депутат.