Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Менде бомба компромат бар": Тұрғымбаевқа қатысты даулы мәселе шықты

Мәтінде Ахметов ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, бүкіл істі жария етемін деп жазған.

"Менде бомба компромат бар": Тұрғымбаевқа қатысты даулы мәселе шықты
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан деп жазылған SMS хабарлама тарады, деп хабарлады paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мәтінде Ахметов ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, бүкіл істі жария етемін деп жазған. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

SMS хабарламада ІІМ-де қызмет атқаратын Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген. Бірақ екеуінің бұл іске қатысы жоқ болып шықты.

"30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С.Варго әлеуметтік желілерде өздерінің есімдерін пайдаланып, шындыққа жанаспайтын, жала жапқан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды. Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр", – делінген ІІМ ресми хабарламасында.