Цой бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Президент іс басқармасы медициналық орталығынының басшысы қызметін Алексей Цой атқарады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Цой бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

«Бүгін Президент іс басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент іс басқармасы медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры болып Рустам Албаев тағайындалды», – деп жазылған Президент іс басқармасы таратқан хабарламада.