«Қаңтар оқиғасын жасаған жастардың бәрі «террорист» емес» - белгілі жазушы

Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай «Qasqa Jol» Youtube арнасындағы сұхбатында қаңтар оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасын жасаған жастардың бәрі «террорист» емес.

«Президентпен кездесуімізде Қаңтар оқиғасын жасаған кәдімгі Алматының қарапайым үйсіз-күйсіз тапқаны-тапқанына жетпей жүрген жастар еді дедік. Олар ешқайда кеткен жоқ, олардың проблемасыда әлі шешілген жоқ. Соны тез арада, яғни жастардың проблемасын шешпесе, құдай сақтасын бұл қайталана береді дегенді айтумен келеміз», деді Смағұл Елубай.