27.10.2022, 10:31

Пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды. Коммерциялық пойыздағы төменгі және жоғары орынның бағасында 1 желтоқсаннан бастап 20 процент айырмашылық болады. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғары және төменгі орындарға жол жүру ақысына жаңа тәсілді енгізеді. Жоғары және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы  20 пайыз болады», – делінген ресми хабарламада.

Төменгі орындар мына бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:

№111/112 «Алматы – Маңғыстау»; №51/52 «Алматы – Орал»; №105/106 «Алматы – Петропавл»; №71/72 «Астана – Шымкент»; №29/30 «Алматы – Атырау».