Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:
Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы
Розметов Владимир Фёдорович – "АтырауАгроӨнімдері" ЖШС директоры", – делінген Жарлық мәтінінде .
Одан бөлек, ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке "Халық қаһарманы" атағы берілді.
"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы", – делінген Жарлық мәтінінде.