Назарбаев жаңа қызметке тағайындалды

Жанат Қанағатқызы Назарбаева туралы да мәлімет келтірілген. Алайда оның Елбасы әулетіне қатысы бар-жоғы белгісіз.

Назарбаев жаңа қызметке тағайындалды
фото: видеодан скриншот

Ербол Болатұлы Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 3-департаменті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты Yedilov Telegram каналы таратты, деп хабарлады paryz.kz.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сүйенсек, Ербол Назарбаев - елбасының туған інісі Болат Назарбаевтың баласы. Оның осы күнге дейін қандай қызметтерде болғаны туралы ақпарат жоқ.

Қаржы министрлігіне қарасты қаржылық есептілік депозитарийі сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ербол Назарбаев - «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы үлескерлерінің бірі. 1983 жылы дүниеге келген. Сондай-ақ аталған сайтта Жанат Қанағатқызы Назарбаева туралы да мәлімет келтірілген. Алайда оның Елбасы әулетіне қатысы бар-жоғы белгісіз.