Дүниежүзілік алтын қоры кеңесінің мәліметінше, Қазақстан алтын қоры бойынша алдыңғы қатардағы 15 елдің ішіне кірді деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі.
Биыл қыркүйек-қазан айларындағы есеп бойынша, Қазақстанның алтын қоры екі тоннаға өсіп, жалпы көлемі 375 тоннаны құрады.
Алдыңғы қатарда топ бастап тұрған – АҚШ. Олардың қорында сегіз мың тоннаға жуық алтын бар. Екінші орында – Германия және Италия.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда бір грамм алтын 25 мың теңгеге жуық.