Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Хаменова соты: Мемлекеттік айыптаушы тергеуді қайта бастауды сұрады

Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтуде. Сотта мемлекеттік айыптаушы істе жаңа мән-жайлардың пайда болғанына байланысты сот тергеуін қайта бастауды сұрады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia сайтына сілтеме жасап. 

Хаменова соты: Мемлекеттік айыптаушы тергеуді қайта бастауды сұрады
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейінгі сот отырысында Ақылбек Рысқалиевбастапқыда берген жауабынан бас тартып, мәлімдеме жасаған болатын. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің айтқанын істегенін жеткізген. 

Оның сөзінше, Антикор қызметкерінің бірі Хаменоваға қарсы жауап берсе, қорғалу құқығы бар куә болып қалатынын айтқан.

«Құрметті сот! Рысқалиевтің жауабынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінен – Изат Мұратова, Мақсат Мұратов және Мұрат Нұрмұхановтан онлайн режимде жауап алуды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова сот отырысында.

Ал Ақылбек Рысқалиевтің адвокаты Нұрлан Жолболов прокурордың сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. 

«Менің қорғауымдағы Рысқалиев сотта жауап берген кезде расымен де өзіне Антикор қызметкерлерінің қысым жасағанын айтты. Алайда нақты кімнің қысым көрсеткенін сұрағанымда адамдардың көп болғанын, сондықтан кімнің қай уақытта айтқанын білмейтінін жеткізді. Антикор қызметкерлерінен жауап алғаннан не шығады? Олар қысым көрсеткенін мойындамайтыны анық. Ал мемлекеттік айыптаушының сот тергеуін қайта бастау туралы өтініші әуре-сарсаңға салып, сот процесінің негізсіз созылуына әкеледі. Сол себепті прокурордың сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішін қанағаттандырмай, нақты сот процесін жалғастыруды сұраймын», – деді Нұрлан Жолболов.