Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға созылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 18 қазандағы мәліметінше, сот қаулысымен тергеу органдарының күдікті Т-ның қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстау мерзімін санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,- делінген хабарламада.
Еске салсақ, Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен осы жылдың ақпан айында ұсталған болатын.
Сондай-ақ, қыркүйек айында вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.