Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алтыншы үміткерді тіркеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаевтің кандидатурасын тіркеу мәселесі қаралды.
ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар Қазақстанның 15 өңірінен 120 908 азаматтың қолы жиналған.
"Олардың 120 908-і түгел тексеріліп, 119 197-сі рас деп танылды. Яғни қажетті қол толығымен қамтамасыз етілді", - деді ОСК мүшесі.
ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.
"Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтің ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені туралы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевті ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.