Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес - Кристоф Мор

«Фридрих Эберт» қорының аймақтық директоры Кристоф Мор тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларды криминалдық жауапқа тартпау ақымақтық екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес - Кристоф Мор
Фото: ашық дереккөз

«Мысалы, мен көшеде біреуді ұрып кетемін. Сәйкесінше, ол үшін жазамды аламын. Үйде де солай болуы керек. Әйел – жиһаз емес. Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес. Ол да тұлға, жеке адам. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырмау – ақымақтық», - деді ол.

Кристоф Мордың айтуынша, моральдық тұрғыдан да бұл – қылмыс.

«Жазалау жолдары қаншалықты дұрыс және қоғамдағы жағдайды жақсарта түсетініне назар аудару керек. Қоғамдағы құзырлы органдардың жұмысына қажетті өзгертулер енгізу керек. Бұл мәселені шешуде саяси-экономикалық жүйенің де маңызы бар. Себебі бұл салаға жұмсалатын қаржыны да есептеу керек», - деді Кристоф Мор.

Айта кетейік, Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зерттеу жүргізді.