Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

"Дәрігер қыздарға үйлену керек": Ақтөбеде ауыл әкімі медқызметкерлер тапшылығын шешудің ерекше амалын ұсынды

Еліміздегі аумағы бойынша ең үлкен Ақтөбе облысының ең ірі және бай ауданы туралы не білеміз? Қойнауынан алтын кенін қазып, мұнай бұрғылап, қазынасы "қара алтынға" толы аудандағы халықтың тұрмысы қалай? Экономикасы тәуір ауданда жол мәселесі неге жауыр боп тұр. Бұл сұраққа өңірдегі nur.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

"Дәрігер қыздарға үйлену керек": Ақтөбеде ауыл әкімі медқызметкерлер тапшылығын шешудің ерекше амалын ұсынды
Фото: stan.kz

Облыс орталығынан 90 шақырым қашықтықта жатқан Мұғалжар ауданына арнайы бардық. Аудан орталығы-Қандыағаш қаласы. Мұнда 41 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның 15-і мұнай газ компаниясы. Аудандағы орташа жалақы – 289 мың теңгеден асады. Ақтөбеліктер үшін жанға бататын жол мәселесі бұл ауданды да айналып өтпейді. Аудан аумағындағы 406 шақырымды құрайтын жолдың 62 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Келесі жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланған. Аудан орталығы Қандығаш қаласындағы 52 көшенің тең жартысында асфальт жоқ.

"Жол - халықтың назы. Біз көшелерді жөндейміз, ауыларалық жолдар қалып қояды. Ауыларалық жолдарға күш салсақ, ауыл іші "балшыққа батып жатырмыз" дейді. Ауданда құрылыс қарқыны да, өсім де жоғары. Қазір сын көтермей тұрған кіре беріс жолдарда жұмыс жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмысы бәсеңдеп қалмас үшін «техника келді ме, қиыршық тас жеткізілді ме» деп күнделікті қадағалап, прораб секілді қарап жүреміз", - дейді аудан әкімі Асқар Шериязданов.

Аумақтағы 34 елдімекен 3 қала 12 ауылдық округке біріктірілген. Мұндағы 5 ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Аудан әкімі бұл мәселенің 2025 жылға дейін толық шешілетінін айтып сендірді.